Telegram Group Search
АҚШ Украинаға 150 миллион доллардың қару-жарағы мен оқ-дәрісін береді.

Жаңа көмек пакетіне Hawk әуе қорғанысы тұтқыштары мен калибрі 155 миллиметрлік артиллериялық оқ-дәрі кіреді. Бұл туралы Ақ үйдің екі өкілі айтты, деп хабарлады Reuters.

Вашинстон Киевтің әуе қорғанысын қолдау туралы өтінішіне құлақ асып отыр, өйткені кейінгі апталарда Ресей Украинаның энергетика нысандарына ракетамен шабуылды жиілеткен.

www.tg-me.com/Azattyq Азаттық/com.azattyq
Еуро-2024 додасының 1/8 финалында Италия құрамасы Швейцариядан 0:2 есебімен жеңіліп жатыр. 37-минутта Ремо Фройлер, 46-минутта Рубен Варгас гол салып, Швейцария алда келеді.

Ойын жағынан да, шабуылдың өткірлігі жағынан да Швейцария басым ойнап жатыр. Италияның жағдайы қиын. Бұл құрама үшін есепті теңестіріп, ойынды қосымша уақытқа соза алса ерлік болмақ.

www.tg-me.com/Azattyq Азаттық/com.azattyq
Azattyq - Азаттық
Еуро-2024 додасының 1/8 финалында Италия құрамасы Швейцариядан 0:2 есебімен жеңіліп жатыр. 37-минутта Ремо Фройлер, 46-минутта Рубен Варгас гол салып, Швейцария алда келеді. Ойын жағынан да, шабуылдың өткірлігі жағынан да Швейцария басым ойнап жатыр. Италияның…
Швейцария Италияны жарыстан шығарды

Футболдан Швейцария құрамасы Италияны жеңіп, Еуропа чемпионатының ширек финалына шықты. Осылайша Еуро-2020 додасының чемпионы болған Италия биылғы Еуропа чемпионатын 1/8 финалдан аяқтады.

Бірінші таймда Швейцария әлдеқайда басым әрі сенімді ойнады. Италияға қарағанда қауіпті сәттерде көп ұйымдастыра білді. Сондай сәттердің бірінде, 37-минутта Ремо Фройлер Италия айып алаңына имене кіріп, есеп ашып кетті. Бірінші таймда Швейцария тағы екі гол салуға мүмкіндігі болған еді. Бірақ бұл сәтте Италия қақпашысы Джанлуиджи Доннарумманың шеберлігі басым болды. Италия жанкүйерлері құрамадан мұндай ойын күтпеген еді.

Екінші тайм бастала сала Италияның жағдайы тіпті қиындады. 46-минутта Швейцария ойыншыларының кезекті комбинациясы голға айналды. Рубен Варгас салған гол Швейцарияны 2:0 есебімен алға шығарды. Матч соңына дейін Италия есепті теңестіруге тырысқанымен, нәтиже шықпады.

Бұл ойында Швейцария қорғаныста да, шабуылда да сауатты ойын көрсетті. Қарсыласының атағына да, букмекерлік кеңселердің Италия басым болады деген болжамына қараған жоқ. 90 минут бойы ойынды өз бақылауларында ұстады.

Швейцария Еуро-2020 турнирінің 1/8 финалында Францияны пенальтиден жеңіп кеткен еді. Бұл жолы Италияның Еуро-2024 додасынан шығарды.

www.tg-me.com/Azattyq Азаттық/com.azattyq
Azattyq - Азаттық
Швейцария Италияны жарыстан шығарды Футболдан Швейцария құрамасы Италияны жеңіп, Еуропа чемпионатының ширек финалына шықты. Осылайша Еуро-2020 додасының чемпионы болған Италия биылғы Еуропа чемпионатын 1/8 финалдан аяқтады. Бірінші таймда Швейцария…
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Швейцария фанаттары ұлттық құраманың ширек финалға шыққанын тойлап жатыр. Берлиндегі Олимпиада стадионы

Швейцария жанкүйерлері "Берлин, Берлин! Біз Берлинге қайта ораламыз!" деп ұрандатты. Олардың "қайта ораламыз" дегені - 14 шілдедегі финалды меңзегені.
Германия да ширек финалда. Матчта екі гол есептелмеді, қатты күн күркіреп ойын біраз уақытқа тоқтады

29 маусымда Дортмундта өткен матчта Германия Дания құрамасын жеңіп, Еуро-2024 додасының ширек финалға шықты. Бұл матчтағы көп жайтты VAR ("Төрешінің видео көмекшісі") шешті.

4-минутта германиялық Нико Шлоттербек есеп ашқан. Кейін англиялық төреші Майкл Оливер гол салынған сәтті видеодан қарап, тәртіп бұзылды деп голды санамады.

Ойын 36-минутқа ауған шақта Дортмундта қатты жауын құйып, күн күркіреп, найзағай жарқылдап, ойын 20 минуттай тоқтады. Кейін ойыншылар қайта алаңға оралып, матч жалғасты.

48-минутта Йоаким Андерсон Германия қақпасына гол салған, бірақ төреші бұл сәтті де VAR арқылы тексеріп, Дания ойыншысы Томас Дилейни кішкене ғана офсайдқа шығып кеткенін анықтады. Бұл гол да есептелмеді.

50-минутта Данияның айып алаңында доп Андерсонның қолын жанап кетті. Төреші бұл сәтті де VAR арқылы көріп, Андерсон қолмен ойнады деп Германияға пенальти тебуге мүмкіндік берді. Кай Хаверц пенальтиді дөп теуіп, Германияны алға шығарды. 68-минутта германиялық Джамал Мусиала Германияның екінші голын салды. 2:0 есебі матч соңына дейін сақталды. Германия ширек финалда Испания-Грузия арасындағы матчтың жеңімпазымен ойнайды.
Azattyq - Азаттық
Германия да ширек финалда. Матчта екі гол есептелмеді, қатты күн күркіреп ойын біраз уақытқа тоқтады 29 маусымда Дортмундта өткен матчта Германия Дания құрамасын жеңіп, Еуро-2024 додасының ширек финалға шықты. Бұл матчтағы көп жайтты VAR ("Төрешінің видео…
Дортмундта қатты жауын құйып, күн күркіреп, найзағай жарқылдап, Еуродағы Германия - Дания ойыны 20 минуттай тоқтап қалды. Міне, Дормундтағы жауын құйған сәт.

Кейін жауын басылған соң матч қайта жалғасты
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қырғызстанның Ош облысында тасқын салдарынан сегіз адам мерт болды

Қазаға ұшыраған сегіз адамның алтауы – 8 бен 19 жас аралығындағы жақын туыстар деп хабарлады Азаттықтың Қырғыз қызметі.

Жұма, 28 маусым күні түстен кейін Науқат ауданындағы лай аралас топырақ көшіп, тасқын су үйлердің ауласын басып, жолдарды бүлдірді.

Таулы жердегі Абшыр-Сай демалыс аймағындағы жалғыз жолды тасқын шайып кеткен соң, 1300-ге жуық адам тұйық жерде қалып қойды. Кейін оларды қауіпсіз жерге көшірді.

📹: Қырғызстан ТЖМ

www.tg-me.com/Azattyq Азаттық/com.azattyq
Донецк облысында 4 тұрғын қаза тапты. Ресей әскері Торецк бағытында шабуылды күшейтті

Мұндай ақпаратты Донецк облыстық әскери әкімшілігі мен Донецк областық прокуратурасы таратты. Кем дегенде жеті адам жараланған.

Украина билігі сенбіде Лиман ауданындағы Заречное кентіне жасалған зымыран шабуылынан жер үйде болған үш адам қаза тапты деп хабарлады. Сондай-ақ, Горловка маңындағы Нью-Йорк кентінің бір тұрғыны ауыр жараланып, кейін көз жұмған. Троицк қаласында, Нью-Йорк кентінде және көрші ауылдарда тұратын бірнеше адам жараланған.

www.tg-me.com/Azattyq Азаттық/com.azattyq
Запорожье облысындағы Вольнянск қаласына жасалған шабуылдан жеті адам өлген

29 маусым кешке Ресей әскері Украинаның Запорожье облысындағы Вольнянск қаласына шабуыл жасады. Қаза тапқандар мен жараланғандар бар деп хабарлады облыстық әскери әкімшіліктің басшысы Иван Федоров. Ол айтқан алдын ала мәліметтер бойынша, қаланың жеті тұрғыны (екеуі бала) қаза тапқан. Кейін келіп түскен деректе шабуылдан 18 адам зардап шеккені жазылған.

Федоров маңызды инфрақұрылым нысаны, оған қоса дүкен мен тұрғын үйлер бүлінгенін хабарлады. Ол Ресей күштері әскери нысандар жоқ аумаққа шабуылдағанын айтты.

www.tg-me.com/Azattyq Азаттық/com.azattyq
Azattyq - Азаттық
Қырғызстанның Ош облысында тасқын салдарынан сегіз адам мерт болды Қазаға ұшыраған сегіз адамның алтауы – 8 бен 19 жас аралығындағы жақын туыстар деп хабарлады Азаттықтың Қырғыз қызметі. Жұма, 28 маусым күні түстен кейін Науқат ауданындағы лай аралас топырақ…
Қырғызстанда тасқыннан сегіз адам опат болды, екеуі – қазақстандық бала

Қырғызстанның Ош облысында тасқын салдарынан мерт болған сегіз адамның екеуі – кәмелетке толмаған қазақстандық балалар, тағы екі бала хабар-ошарсыз кеткен. Бұл туралы Қырғызстан билігі хабарлады.

🔗Оқу
Илхам Әлиевтің бұрынғы күйеубаласы Каспий теңізінде кеме-ғимарат салып жатыр. Бұған Әзербайжан заңының не қатысы бар?

Азаттықтың Әзербайжан қызметі – Азадлыг жүргізген зерттеу Каспий теңізінің жағалауына салынған элиталық үйлерді "заңдастыру" туралы жақында қабылданған заң небір қызыққа толы екенін көрсетті. Бұл президент Илхам Әлиевтің бұрынғы күйеубаласы Эмин Агаларов пен ресейлік олигархтың Каспий теңізінде Caspian Dream Liner деп аталатын зәулім кеме салу жобасын бастаған ұлына тиімді болып отыр.

🔗ОҚУ
Нигерияда бірнеше жерде жарылыс болып, кемінде 18 қаза тапты

29 маусым күні Нигерияның солтүстік-шығысындағы Борно провинциясында бірден бірнеше жерде жанкештілер жарылыс жасаған. Үйлену тойы, жаназа, аурухана сияқты адам көп жиналған жерде белгісіз біреулер денесіне жасырған бомбаны жарып жіберген.

Жергілікті билік терактілерден кемінде 18 адам қаза тапты, арасында балалар мен жүкті әйелдер бар; 48 адам жараланды деп хабарлады. Нигерия баспасөзі мерт болғандар саны 30 адамға жетуі мүмкін деп есептейді.

Жергілікті төтенше жағдайлар агенттігі көпшілік орында өзін жарып жібергендердің барлығы – әйел адамдар деп хабарлады.

www.tg-me.com/Azattyq Азаттық/com.azattyq
Қырғызстандағы тасқыннан қазақстандық төрт бала мерт болған

Бұл туралы жексенбі, 30 маусым күні Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрлігінің жедел штабының мәліметіне сүйеніп Қазақстан сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Бұған дейін тасқын кезінде ол екі баланың хабар-ошарсыз кеткені жөнінде ақпарат тараған.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі қазіргі уақытта қазаға ұшыраған балалардың құжаттарын жедел тәртіппен рәсімдеп жатқанын айтты. Қазақстандық дипломаттар апаттан мерт болғандардың туыстарына барынша көмек көрсететін болады деді министрлік.
www.tg-me.com/Azattyq Азаттық/com.azattyq
Англия әупірімдеп жүріп, ширек финалға шықты

Еуро-2024 додасының 1/8 финалында Англия Словакияны қосымша уақытта жеңіп, жарыстың ширек финалына өтті. Матчтың 25 минутында Иван Шранц есеп ашып, Словакияны алға шығарған еді. Осыдан кейін Словакияның барлық ойыншысы осы нәтижені сақтап қалу үшін қорғанысқа жатып алды. Бірақ ағылшындар ойын аяқталуға бір минут қалғанда есепті теңестіріп кетті. Джут Веллингемнің (10-нөмерде) айнала тепкен добы Словакия қақпасынан табылды.

Негізгі уақытта есеп 1:1 болып, жеңімпазды анықтау үшін ойын 30 минут қосымша уақытқа ұласты. Қосымша уақыттың 4 минутында Харри Кейн (9-нөмерде) баспен гол салып, Англияны алға шығарды. Матч соңына дейін осы есеп сақталды.

Англия 6 шілдеде ширек финалда Швейцариямен (Италияны жарыстан шығарған) ойнайды.
Грузия Еуро-2024 додасын аяқтады. Испания ширек финалда Германиямен ойнайды

Грузия құрамасы алғаш қатысып жатқан Еуропа чемпионатында 1/8 финалда Испаниядан 1:4 есебімен жеңіліп, Еуро-2024 додасын аяқтады. Матчта 18 минутында испаниялық қорғаушы Ле Норман өз қақпасына гол салып алып, Грузия алға шыққан. Бірақ 39-минутта Испания есепті теңестіріп кетті. Ал екінші таймда Испания құрамасы шабуылды үдетіп, Грузия қақпасына үш гол салды. Осылайша Испания Еуро-2024 додасында қатарынан төртінші рет жеңіске жетті.

Испания ширек финалда 5 шілдеде Германиямен кездеседі. Бұл финалға бергісіз матч болмақ.
2024/07/01 02:13:04
Back to Top
HTML Embed Code: